2026 жылғы 20 наурыз күні 9,11-сынып пән мұғалімдеріне арналған «Қорытынды аттестаттауға дайындық: тәжірибе, талдау, нәтижелер» тақырыбында әдістемелік отырыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды қорытынды аттестаттауға сапалы дайындау бағытында тәжірибе алмасу, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді талдау және алдағы жұмыстардың нәтижелілігін арттыру.
Отырысқа қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында мұғалімдер оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерімен бөлісіп, қорытынды аттестаттау тапсырмаларының ерекшеліктерін талқылады. Сонымен қатар, пәндер бойынша дайындық барысына талдау жасалып, қиындық туғызатын тақырыптар анықталды.
Педагогтер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, уақытты тиімді пайдалану жолдары туралы өз тәжірибелерімен алмасты. Әр бағыт бойынша дайындықтың нәтижелері қарастырылып, алдағы кезеңге нақты ұсыныстар берілді.
Отырыс соңында қорытынды аттестаттауға дайындықты жүйелі жүргізу, білім сапасын арттыру және оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігі атап өтілді.

































