10 наурыз күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде оқушылардың денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараға Ақсу қаласының поликлиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері М.Т. Мукашева арнайы шақырылды.
Кездесу барысында дәрігер оқушыларға «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол туберкулез ауруының адам ағзасына тигізетін әсері, оның пайда болу себептері, жұғу жолдары және негізгі белгілері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар аурудың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, уақытылы медициналық тексеруден өтіп тұрудың маңыздылығын атап өтті.

