2 “ Ғ “ сыныбының оқушылары мен ата-аналары «Жақсылық жаса» челленджін бастайды! Бұл челлендждің мақсаты – айналамызға мейірімділік пен жақсылық сыйлау, бір-бірімізге қолдау көрсету және балаларды ізгілікке тәрбиелеу. Біздің сыныптың оқушылары ата-аналарымен бірге жақсы істер жасап, өзгелерге үлгі болуды мақсат етті. Жақсылық – кішкентай көмектен, жылы сөзден, қамқорлықтан басталады.Баршаңызды осы игі бастаманы қолдап, «Жақсылық жаса» челленджіне қатысуға шақырамыз!
Жақсылық жасап, эстафетаны әрі қарай жалғастырайық! Сынып жетекшісі: Хайса Б
