“Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша «Заң және тәртіп» жобасы және «Гендерлік зорлық–зомбылыққа қарсы 16 белсенді әрекет» халықаралық науқаны аясында 1 желтоқсан Абай атындағы ЖОББ мектебінің инспекторы Қуан Рауангүл оқушылар арасында гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, адам құқығын құрметтеу және қауіпсіз орта қалыптастыру тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында:
🔸 зорлық-зомбылық түрлері;
🔸 тұрмыстық қатыгездікке жол бермеу;
🔸 кибербуллингтен қорғау;
🔸 өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары;
🔸 қиын жағдай туындағанда кімге жүгіну керектігі түсіндірілді.
Мұндай шаралар балалардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға бағытталған.
✳️ Науқан барысында мектепте профилактикалық кездесулер мен ақпараттық іс-шаралар жалғаса береді.
