1 желтоқсан күні мектебімізде профилактикалық бағытта тәрбие сағаттары өткізілді.
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді әрекет» халықаралық науқаны аясындағы іс-шара
1 желтоқсан күні мектебімізде профилактикалық бағытта тәрбие сағаттары өткізілді.
7«Ғ» сыныбында «Зорлық-зомбылық туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндіру сабағы ұйымдастырылып, оқушыларға зорлық-зомбылық түрлері, оның алдын алу жолдары, құқықтық қорғау тетіктері жайында маңызды мәлімет берілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өз құқығын білуге және кез келген зорлық түріне қарсы тұра алуға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі: А. К. Каймолдина
Қауіпсіз орта — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз.
