5 қараша күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы, “Ұрпақ үні” жобасы және «Аққу» қыздар клубы жоспарына сай парламент мүшелерінің қыздары ұлттық әшекей бұйымдарын жасау және қыз баланың әдебі, сөз саптауы, ибалылығы жайлы танымдық тренинг әңгіме сабағы өткізілді.Қазақтың зергерлік өнері мен қыз балаға қатысты тиымдар мен өз-өзін ұстау әдебі мыңдаған жылдар бойы дамып қалыптасқан. Ертеде әшекей тек сәндік зат емес, адамның әлеуметтік мәртебесін, жасын, отбасылық жағдайын білдіретін және тылсымнан қорғайтын тұмарлық күшке ие бұйым саналған.Қазіргі уақытта ұлттық нақыштағы әшекейлер дәстүр мен заманауи стильді үйлестіріп, жаңа бағыттарға ие болды.
