Даналық мектеп
«Аталар клубы» «Атаның батасы —
жолымның бастауы»
12-ші ақпан күні іс — шара өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларды ата батасының мән мағынасын түсіндіру, бата адам өміріндегі рухани маңызды.Оқушыларды үлкенді сыйлауға ,ата сөзін қадырлеуге , ұлттық салт -дәстүрді құрметтеуге тәрбие беру.
Іс-шара барысында тағылымы мол , әсерлі сәттерінің бірі
- Арнайы қонақ ретінде шақырылған атамыз Қайыргелді Майкенұлы , 2″Д»сынып оқушысы : Қайыргелді Абдукаримнің атасы,оқушыларға батасын беріп қана қоймай , оның терең мән — мағынасын түсіндірді .Ата бата — рухани күш — қуат беретін,жол ашып жақсылық пен адалдыққа бастайтын асыл мұра екенін өз өмірлік тәжірибесі арқылы баяндады.Оқушылар ата сөзін ерекше ықыласпен тыңдап , батаның тәрбиелік мәнін жүректерімен сезінді.
- Тәрбие сағаты барысында оқушылар батаның түрлері, оның айтылатын орындары мен мағынасы туралы ақпарат алып қазақ халқының даналыққа негізделген тәрбие.
- «Батаменен ел көгерер » деген халық нақылының мәні ашылып, үлкеннің батасын алу- ұрпақ үшін зор рухани байлық екенін түсіндірілді.
- іс — шара барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтар қойып, белсенділіктерін көрсетті.
- Тәрбие тал бесіктен басталатының тағы бір мәрте айқындалып ,ата мен немере арасындағы рухани байланыстың маңызы ерекше аталып өтті.
- Іс — шара соңында 2″Д»сынып оқушысы Әбен Сұлтан атамызға бата берді .Ата батасы — ұрпаққа қалатын ең асыл аманат.
Сынып: 2”Д”
Сынып жетекшісі:
Алижанова М.К
