Ұлттық Style – дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі!
Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 2 “Б”сыныбының оқушылары ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, этно стильдегі киім үлгілерін күнделікті мектепте киіп жүреді.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық нақышын күнделікті мектеп өміріне кіріктіруге бағытталған жобалық,шығармашылық және эстетикалық іс-әрекеттерге баулу арқылы оқушылардың этномәдени ерекшелігін және ұлттық өзіндік санасын қалыптастыру.
Сынып жетекшісі: Ерғали Гүлназ Еркінқызы
