Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің педагог-психологі Искакова Даметкен Госмановна.
Мектеп психологі білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Ол оқушылардың психологиялық саулығын сақтауға, оқу үлгерімін арттыруға, тұлғалық дамуына және мектепке бейімделуіне ықпал етеді. Психодиагностикалық жұмыстар арқылы оқушылардың оқу қиындықтарын анықтап, дер кезінде психологиялық қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, оқушылардың психо-эмоциялық жағдайын бақылап, күйзеліс пен мазасыздықтың алдын алады. Педагогтер мен ата-аналарға кеңес беру арқылы тиімді қарым-қатынас орнатуға және бала тәрбиесінде бірізділікті сақтауға көмектеседі.Мектеп психологінің жүйелі жұмысы білім сапасын арттыруға және мектептегі жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға зор үлес қосады.
