“Адал азамат“ біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
20 қаңтар күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 11 сынып оқушылары арасында» Сәтті бастау , жүйке және психологиялық стресстен арылу жолдары» атты тақырыптарында мектеп психологi Д.Г.Искакова тренинг өткiздi. Мақсаты: 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау көрсету, жүйке және психологиялық стрессті жеңу жолдарын үйрету, қобалжу мен мазасыздық деңгейін төмендету, өз-өзіне сенімділікті арттыру және емтихан алдындағы эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру.
