Сынып жетекші – оқушының мектептегі ең жақын жанашыр адамы, бағыт берушісі әрі тәрбиешісі. Оның басты мақсаты – сынып ұжымын қалыптастырып, әр оқушының тұлғалық дамуына жағдай жасау.
Сынып жетекші:
✨ адамгершілік, патриоттық, ұлттық тәрбие береді
✨ оқушылардың мінез-құлқын, қабілетін, қызығушылығын зерттейді
✨ сыныптағы психологиялық ахуалды қадағалайды
✨ тәрбиелік іс-шаралар мен сынып сағаттарын ұйымдастырады
✨ ата-анамен және мұғалімдермен тығыз байланыс орнатады
Сынып жетекшінің еңбегі – болашақ саналы, жауапты, тәрбиелі азаматты қалыптастыруға бағытталған маңызды қызмет.
