8 желтоқсан Абай атындағы ЖОББ мектебінде «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам бола ма?» тақырыбында мектепішілік дебат сайысы өтті. Пікірсайысқа Қайсар және Айбын командалары қатысып, өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғап шықты.
Оқушылар қоғамдағы әділдік, заңның үстемдігі, жемқорлықтың алдын алу жолдары туралы өз ойларын ашық айтып, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Дебат оқушылардың сыни ойлауын, дәлел келтіру мәдениетін және командамен жұмыс жасау қабілетін дамытуда үлкен рөл атқарды.

