8 желтоқсан күні “Қамқорлық” айлығы аясында Мектеп парламенті оқушылары көше тазалығына жауапты жұмысшыларға ыстық шәй, кофе, тәттілер таратты. Мақсаты: жұмысшылардың көңіл күйін көтеріп, жылулық сыйлау. Бұл адам бойындағы қамқорлық пен жанашырлықты қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәнге ие іс-шара болды.

