5 қараша күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы, “Ұрпақ үні” жобасы аясында парламент мүшелерінің қыздары ұлттық әшекей бұйымдарын жасау және оны насихаттау мақсатында видеоролик түсірді.Қазақтың зергерлік өнері мыңдаған жылдар бойы дамып қалыптасқан. Ертеде әшекей тек сәндік зат емес, адамның әлеуметтік мәртебесін, жасын, отбасылық жағдайын білдіретін және тылсымнан қорғайтын тұмарлық күшке ие бұйым саналған.Қазіргі уақытта ұлттық нақыштағы әшекейлер дәстүр мен заманауи стильді үйлестіріп, жаңа бағыттарға ие болды.


