«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 03 желтоқсан күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн » акциясы аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты тақырыбында ашық алаң әңгіме директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Рахимова А.А сөз сөйледі. Ақсу қаласындағы iшкi iстер бөлiмшесiнiң «отбасындағы зорлық -зомбылыққа қарсы күресі» инспекторы Аипова И.С «Заң және тәртіп » атты тақырыбында ата-аналарға ақпарат берді.» Қазақ аналары- дәстүрге жол» Республикасының қоғамдық бірлестігi және «Асыл Мұра -Ақсу — қоғамдық бірлестігiнiң төрайымы: Кусаинова Ш.Н және мүшелерi: Какилова Д.Б, Абуева Г.Р «Тәрбие отбасынан басталады» атты тақырыбында әңгіме өткіздi.Мектеп инспекторы полиция капитаны Куан Рауангүл «Зорлық -зомбылыққа жол жоқ» атты тақырыбында әңгіме өткіздi. Мектеп психологтерi: Искакова Д.Г, Хавылмұратқызы С «Позитивті ата-ана болу» атты тақырыбында ата-аналармен және қонақтармен психологиялық тренинг-жаттығу өткiздi.
https://www.instagram.com/reel/DR2aJAfDP_1/?igsh=MndicGt3Y21lOXhn
