“Кітап білім бұлағы” кітаптың өмірдегі маңызы туралы әңгіме өткізілді.
Мақсаты:Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру,кітап оқудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру,кітапхана мәдениетін қалыптастыру,рухани даму мен ой-өрісті, қиялды дамыту
Әңгімеге 3 “Е” сыныбы қатысты.
Оқушыларға кітаптың адам өмірінде қаншалықты маңызды екені түсіндіріліп, “КІтаптың шығу тарихы” атты видеоролик көрсетілді. Оқушылармен “Сұрақ-Жауап”,”Егер сен ежелгі адам болсаң”, “Жағдаятқа жауап бер” атты ойындар ойнатылды! Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, кітап туралы білімдері кеңейді. Кітап оқудың қажеттілігіне көз жеткізді. Әр өткізілген ойынға белсенде қатысты! Соңында белсенділік танытқандары үшін тәтті сыйлық берілді!
