Егу, вакцинация дегенiмiз — ол адам организмiне вакцина немесе арнайы тәсiлмен дайындалған антигендiк қасиетi бар заттарды енгiзу (иммуни- зациялау) арқылы белгiлi бiр жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшiн қолданылатын әдiс. Жұқпалы ауруларға қарсы егудiң бiрнеше түрi бар: мiндеттi егу (иммунизация) балаларға (туберкулезге, қызылшаға, күл (дифтерияға), сiреспеге, көкжөтелге, гепатитке және т.б. ауруларға қарсы), нәрестелi бола алатын әйелдер мен қыздарда қызамыққа қарсы; жоспарлы кәсiби егу мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнiмiн өңдейтiн адамдарда күйдiргiге қарсы; эпидемиялық көрсеткiш бойынша егу нақты аймақтағы тұрғындар арасында iндет қауіпi төнген кезде жүргiзiледi. Егу көбiне инфекциялық тәсiлмен (терi астына, бұлшық етке) атқарылады. Қазiргi кезде алдын ала егу нәтижесiнде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, қара шешек) жойылды. Бiрақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлiметiне сүйенсек, жылына 500 миллион адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 миллиондайы егiлмегендер екенi анықталып отыр. Сондықтан түрлi жұқпалы ауруларға қарсы егудiң маңызы зор екенiне ешбiр күмән келтiрiл мейдi. Екпенiң не екенiн қазiргi ата-аналардың бәрі дерлiк бiлсе де, дегенмен екпе жасатпас бұрын олардың көбiнде күмән туғызбайтыны да жасырын емес. Өйткенi қазiргi таңда балаларымызды екпе арқылы қорғап жүрген инфекциялармен бетпе-бет келген адамдар кемде-кем. Осыдан 30-40 жыл бұрын ата-аналарға қызылшаның, полиомиелиттің (салдың), дифтерияның (құрөзектің) қаншалықты қауiптi екенiн түсiндiрiп жатпайтын, ол кез де бұл аурудан көз жұмған балалар туралы мысалдарды көптеп келтiруге болатын. Ал туберкулезбен және көкжөтелмен ауыратын балалардың жөтелi кез келген аулада естiлiп жататын. Ата-аналар баласының таңертең қозғала алмай, аяқ астынан сал болып қалуынан қорқатын. Қазiргi уақытта мүгедектер арбасында отырған ересек адамдар арасында кезiнде полиомиелитпен ауырған адамдарды кездестiруге болады. Жыл сайын дүние жүзiнде жұқпалы аурулардан мыңдаған адам көз жұмады және көбiсi өмiр бойы мүгедек болып қалады. Сондықтан халықты және балаларды вакцинациялауды тоқтатуға болмайтынын түсiнiп, ескерген жөн. Тек қана алдын алу екпелерiн жүргiзудiң нәтижесінде балаларымызды инфекциялардың қауiп-қатерiнен аман сақтауға қол жеткiзiп отырмыз. Вакцинациялау тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне (ТМККК) енгiзiлген. Қазақстанда халықты иммундауға байланысты барлық қаржы мәселесiн шешудi мемлекет 1995 жылдан бастап өзiне жүктеген. Жыл сайын вакциналар республикалық бюджет қаржысына сатып алынады. Бұл ретте кепiлдi сапасы бар, зертханалық тексеруден өткiзiлген және Қазақстан Республикасында тiркелген, ДДСҰымен сертификатталған вакциналар сатып алынады. Қазіргі уақытта ауданымызда 2000 жылдардан бері әр түрлі жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, бұған да екпенің әсері мол, халық арасында «сары ауру» атымен танымал инфекциялық гепатитпен ауыру тоқтады. Бұл – екпенің дер кезінде балаларға салынуының пайдасы. ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ел ертеңі — ұлтжанды ұрпақ Былтырғы жылы аудан бойынша 94 баланың ата-анасы екпеден бас тартып, оның 33-і әр түрлі себептер мен болса, 61-і діни көзқарасқа байланысты. Мұндай көп балалардың егілмеуі иммунитетін түсіріп, әртүрлі жұқпалы аурулар туындауына өте ықтимал. Сондықтан да бұл – ойланатын жағдай. Қандай дін болмасын ол ауру-сырқауға шалдығуға, азып-тозуға итермелемейді. Сондықтан да алдын ала егудің, яғни иммундаудың бала денсаулығын сақтауда маңызы аса зор екенін ұмытпайық.