Басты бет
- (без названия)
2024 жылғы 29 сәуірде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде іске асыру жөніндегі жол картасы аясында «Оқытудағы сабақтастық және оның жүзеге асырылуы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
Семинар мақсаты : мектепалды даярлық және бастауыш сыныптарының, бастауыш және орта буынның арасындағы пәнаралық байланыс, тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыруғы сабақтастықты жүзеге асыру.
Семинарға Ақсу өңірі мектептерінің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері, бастауыш сынып және пән мұғалімдері қатысты. Мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері 3 ашық сабақ («Ойнайық та, ойлайық!» Мектепалды даярлық «А» сыныбы, Нуржанова Нагима Мадиевна, «Біз не үйрендік, не білдік?» мектепалды даярлық «Ә» сыныбы, Батырханова Эльмира Батырхановна, «Бәрін біліп үйрендім» Мектепалды даярлық «Б» сыныбы, Кабдылхан Кумис) көрсетіп тәжірибе бөліссе, бастауыш буында қазақ тілінен 2 ашық сабақ («Сын есімді қайталау» 2-сынып, Жумжуманова Динара Муратовна, «Дара және күрделі етістік» 2-сынып, Рахманова Гульсая Байзоловна) ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Бастауыш және орта буын арасындағы оқушыларды математика пәніне бейімдеу жолдары» (бастауыш сынып мұғалімі Зейнел Мейрамгул мен математика пәні мұғалімі Ахметова Асель Сайлауовна), «Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» (қазақ тілі мұғалімі Дюсембаева Даура Кайратовна), «Білім беру үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдердің тиімді қолдану» (орыс тілі мұғалімі Хуанбай Гулнарай) тренингтер көрсетілді. Семинар мазмұны бойынша қатысушылар оң бағаларын беріп, белсенді түрде кері байланыс жасады.
- «Оқытудағы сабақтастық және оның жүзеге асырылуы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.
- «Жаратылыстану және математика пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбына облыстық семинар өткізді.
- «БІЛІМ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ » тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізілді.
2024 жылғы 27 ақпанда Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің жоспары аясында «Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ базасында «БІЛІМ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНА РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ » тақырыбында республикалық семинар-практикум өткізілді.
Семинарға қатысушылар: Алматы облысы бойынша КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының аға оқытушылары, «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» әдіскерлері , Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері , Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК мұғалімдері, «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының аға менеджері, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, философия ғылымдарының кандидаты, Мәскеу қ. Ресей ғылым академиясының INION информатика мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі, Ақсу өңірі орта мектептерінің мектеп басшысының оқу ісінің меңгерушілері, тәрбие ісінің меңгерушілері және пән мұғалімдері.
Семинар мақсаты : Білім беру үрдісін жетілдіру арқылы өмірлік құндылықтарды қалыптастыру және насихаттау құралдарын әзірлеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік ұғымдары мен дұрыс мінез-құлық қалыптастыруға ықпал ету.
Семинар міндеті : Сабақта қолданылатын белсенді оқу әдістерін, қызықты платформаларды тиімді пайдалануды, кері байланысты жүргізуді тәжірибеде көрсету; Пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже: семинарға қатысушылар білім үрдісін жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді талқылайды, күнделікті сабақтарда пайдаланатын платформалар мен жұмыс түрлері бойынша озық тәжірибелермен танысады тәжірибе алмасады, ой бөліседі. Өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру міндетін түсінеді. Жалпы семинарда 11 шеберлік-сағат пен тренинг, 8 ашық сабақ ұйымдастырылды. Семинар мазмұны бойынша қатысушылар оң бағаларын беріп, белсенді түрде кері байланыс жасады.
- 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық, зерттеу жобалары конкурсының қортынды кезені өтті. Этномәдениеттану бағыты бойынша 5-сынып оқушысы Искакова Зайнап жүлделі 1-орынға ие болды.