Дұрыс тамақтану ережесін білу артық салмақ мәселесін де туғызбайды. Салауатты өмір салтын ұстанудың басты ережесі де дұрыс тамақтануды білуге тиіссіз. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1675229-durys-tamaqtanu-erezheleri/
Денсаулығыңызға бей-жай қарағыңыз келмей ме, тамақтану кестесін белгілеуден бастаңыз. Тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес. Белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек. Тамақтың құнарлы болғанына көңіл бөліңіз. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірінің әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Дастарқанның жалпы көрінісі, оның әсем жасалуы, тағамдарды бір-бірімен үйлестіріп, рет-ретімен беру тәбеттің ашылуына жақсы әсер етеді. Тәбе тжақсы ашылса тағам да жақсы сіңеді. Тағы оқыңыздар: Еттен жасалатын тағамдар Есіңізде сақтаңыз: Кешкі 6-дан кейін тамақтанбаған дұрыс. Бұл ешкімге де жаңалық емес, алайда біз осы жайды жиі естен шығарамыз. Диетолог мамандар бұл заңды арықтаудың алтын ережесі деп атайды. Ал жан мен тән гармониясына жетуді аңсайтын және салауатты өмір салтын ұстанатын йогтар тамақты тек күндіз жеу керек дейді. Кешкі тамақтан бас тарту, не оны ертерек ішу шынымен арықтауға көмектеседі. Қарбалас заманда бұл ережені ұстану өте қиын. Көбіміздің басты тағамымыз кешкі ас болып табылады. Сондықтан бұл ережені ұстанамын десеңіз, сіз толыққанды таңғы ас пен түскі ас ішуіңіз керек. Кешкі сағат 6-ға дейін тамақтанып үлгермесеңіз, ұйықтағанға дейін 3-4 сағат бұрын тамақтанып үлгеріңіз. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1675229-durys-tamaqtanu-erezheleri/
Әрине, күнделікті рационның жартысынан көп бөлігін күннің бірінші жартысында жеу керек, ал кешке жеңіл, майсыз тағамдарды таңдаңыз. Жемісті де таңдай біліңіз. Жеміс-жидектің құрамындағы қанттар да адам денсаулығына кері әсер береді. . Мысалға, жүзім мен банан тәтті бәліш немесе тортмен бірдей. Артық салмақтан арылуды мақсат етсеңіз, қарбыз, грейпфрут, ананас, құлпынай, қараөрікті таңдағаныңыз жөн. Бұл жеміс-жидектер арықтауда пайдалы. Сонымен қатар, асықпай шайнап үйреніңіз. Тамақтануға көбірек уақыт бөліңіз. Миға тойғанымыз жайлы белгі жеткенше, біз тойып та, артық жеп те үлгереміз. Сондықтан барынша ақырын, асықпай тамақтаныңыз. Сондай-ақ тамақ жегенде теледидар қарау әдетінен арылыңыз. Ми фильмдітүсінуден босамай, не, қандай мөлшерде жегеніңізді байқамайды. Тамақты мөлшерден артық жеп қоймау үшін асыңызды кішкентай тәрелкеге салып жеуден бастау керек. Ең бастысы су ішуді әдетке айналдырыңыз. Су аштық сезімін қадағалап, зат алмасуды ретке келтіреді. Қажетті мөлшерде су ішіп жүру арықтауға өз септігін тигізеді. Күніне 1,5 литр су ішу сіз үшін тұрақты ереже болсын. Бұл мөлшерге шай мен түрлі шырындарды қоспаңыз. Адам денесінің 55-70 пайызы судан тұратынын есептесек, ол барлық алмасу, қышқылдану, термо реттеу және басқа да процестерге қатысады. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1675229-durys-tamaqtanu-erezheleri/