Біз, 3 “Ә” сынып оқушылары, баршаңызды “Жақсылық жасап жарысайық” қайырымдылық челленджіне шақырамыз!
“Жақсылық жасап жарысайық” қайырымдылық челленджі
Біз, 3 “Ә” сынып оқушылары, баршаңызды “Жақсылық жасап жарысайық” қайырымдылық челленджіне шақырамыз!
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келетін игі іс. Кішкентай көмектің өзі біреудің жүзіне күлкі сыйлап, жүрегіне жылу ұялатады. Біз мейірімді, қамқор және жанашыр болуға тырысамыз.
Осы челлендж арқылы айналамызға жақсылық жасап, үлкендерге көмек көрсетіп, мұқтаж жандарға қолдау білдірейік. Жақсылық жасаудан жарысайық, себебі жақсылық көбейсе – әлем де нұрлана түседі!
Біз эстафетаны келесі сыныптарға жолдаймыз! 💛
Ізгі ниетпен,
3 “Ә” сынып оқушылары ✨
