Мектеп кітапханасында ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «1-наурыз алғыс айту күні» тақырыбында стенд жасақталды.
Алғыс айту күні – қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір — біріне құрмет білдіретін күні. Бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің символы.
Баршаңызды көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке — бірлік тілеймін! Еліміздің біртектілігі мен бірлігі нығая берсін!
