«Бір ел-бір кітап» 2026 акциясы негізінде халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдық мерейтойы аясында шығармашылығына және жыл кітабы «Тағдыр» романына арналған «Тарих тудырған талант» атты кең ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларды ұлттық әдеби мұрамен таныстыру, көркем шығармалар арқылы тарихи сана мен отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көрмеде Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, «Тағдыр» романының мазмұны, тарихи маңызы мен тәрбиелік құндылығы жайлы ақпарат және автордың шығармалары қойылды. Кітап көрмесі «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған.
