Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

Мектеп кітапханасында Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жыл мерейтойына орай “Менің елім” атты 5-6 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Кітапхана

Мектеп кітапханасында Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жыл мерейтойына орай “Менің елім” атты 5-6 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, терең ойлы, ұлттық рухты биік көтерген ақын. Оның шығармалары жас ұрпақты елін, жерін сүюге, адамгершілікке, рухани тазалыққа тәрбиелейді.
Осыған орай, оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, ақын шығармаларын насихаттау мақсатында Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс барысында қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа, дауыс ырғағын сақтай отырып, көркем әрі әсерлі жеткізуге тырысты. Оқушылардың сахна мәдениеті, мәтінді түсінуі, сезіммен оқу деңгейі бағаланды.Шара барысында, әдеби кітап көрмесі де ұйымдастырылып, ақын шығармашылығына арналған деректі мәліметтер ұсынылды. Әділқазы алқасы әдеби сайысқа қатысушы барлық жас жалындарды көрсеткен өнерлеріне сай бағалап, өз бағасын берді.
Іс-шара соңы еліміздің мемлекеттік әнұранымен аяқталды. Бұл іс-шара, оқушылардың әдеби талғамын арттырып, қазақ сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырған рухани маңызы зор дүние.
Іс-шараға 5-6 сыныптар арасынан 16 оқушы қатысты. 5 сыныптар жеке 6 сыныптар жеке бағаланды.
5 сыныптар бойынша сайыс қорытындысы:
1 орын 5 “Ғ” сынып оқушысы Батырбек Айару
2 орын 5 “Ғ” сынып оқушысы Аманбек Кәусар
3 орын 5 “Е” сынып оқушысы Өнерхан Шухрат
Белсенді қатысқан оқушылар: 5 “Ә” сынып оқушысы Абдрахимова Хадия, 5 “Ә” сынып оқушысы Серікқызы Аружан , 5 “Ә” сынып оқушысы Қадирбекқызы Диана, 5 “Е” сынып оқушысы Нығымет Алуа
6 сыныптар бойынша сайыс қорытындысы:
1 орын 6 “В” сынып оқушысы Сейтказин Жансейіт
2 орын 6 “Д” сынып оқушысы Базархан Жансерік
3 орын 6 “В” Өмірзақұлы Нұрислам
Белсенді қатысқандар: 6”Ә” Камелова Диляра, 6 “Ә” Маккачов Магамед, 6 “В” Анисар Арай, 6 “Д” Карол Айым, 6 “Е” Мағжан Нұрали, 6 “ Е” Темирболатов Рауан
Барлық қатысқан оқушыларға алғысымыз шексіз!
Алған марапаттарыңыз құтты болсын!🎉

Іс-шараны өткізген: Кітапханашы Осерхан Айман.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

Навигация по записям

❮ Previous Post: Мектеп кітапханасында “Кейіпкерлер келбеті” атты 4 сыныптар арасында кітап кейіпкерлерінің байқауы өтті.
Next Post: Аталмыш жылдың басында С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ертіс-Баян ертегілері/Сказки Прииртышья» ❯

Мектеп жұмысы

  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Copyright © 2025 Абай атындағы мектеп.