Мектеп кітапханасында “Кейіпкерлер келбеті” атты 4 сыныптар арасында кітап кейіпкерлерінің байқауы өтті.
Мақсаты:Оқушыларды ертегілер әлемімен таныстыра отырып, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, қиялын дамыту, кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін ажырата білуге тәрбиелеу.
– Қазақ және әлем ертегілерінің кейіпкерлерін танып-білу;
– Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– Сахналық мәдениетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыру;
– Топпен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру.
Сайыс үш кезеңнен тұрды олар : 1 кезең “Кейіпкер келбеті” оқушылар таңдап алған ертегілерінің кейіпкері ретінде киініп келген киімдерін таныстырды.
2 кезең “Сұрақ шамшырағы” әр топқа 10 сұрақтан беріледі оқушылар сол сұрақтарға сүрінбей жауап беруі тиіс.
3 кезең “ Қызық екен” бұл кезең екі кезеңнен тұрды олар “ Қызыл жарық және жасыл жарық” деп аталады бұл кезеңде оқушыларға жасыл және қызыл карточкалар беріліп сұрақтар қойылады оқушылар дұрыс болса жасыл дұрыс емес болса қызыл карточканы көтеруі тиіс . Екінші кезең “Білімді қадам деп аталады” осы кезеңде оқушылар теріс жазылған кейіпкердің сөзін дұрыс нұсқада жазуы керек.
Оқушылар сайысқа белсенді қатысып сұрақтараға талпына жауап берді. Әділ қазылар алқасы сайыстың соңында әділ бағаларын беріп оқушылар мадақтамамен марапатталды.
1 орын 4”А” сыныбы “Самұрық” тобы сынып жетекшісі Ульмисекова К.Б.
2 орын 4”Ә” сыныбы “Қырандар” тобы сынып жетекшісі Кабашева Ж.К.
3 орын 4 “Г” сыныбы “Тазша бала” тобы сынып жетекшісі Каримова Б.М.
“Ең белсенді” номинациясы 4 “Ж” сыныбы “Зымыран” тобы сынып жетекшісі Рахманова Г.Б.
“Ең ұйымшыл” номинациясы 4 “В” сыныбы” Жұлдыздар” тобы, сынып жетекшісі Жумжуманова Д.М.
Сайысқа қатысқан оқушылар мен балаларды дайындап шыңдаған сынып жетекшілерге алғысымыз шексіз!
Марапаттарыңыз құтты болсын!🎉🎊👏
Өткізген: кітапханашы Осерхан Айман
