https://www.instagram.com/reel/DJD1XSGsrB9/?igsh=MWloOXc0a3d4bmpzNw==
2025 жылғы 29 сәуір күні Абай Құнанбаевтың 180-жылдығына орай ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында «Абай жолы — халық жолы» атты музыкалық- әдеби кеш ұйымдастырылды. Абай ат. ЖОББ мектебінің педұжымы қазақ халқының ұлы ақыны , халыққа жақын болған ғұламаның балалық шағынан бастап кемелденген жасына дейінгі өмірін жақсы сомдап көрсете білді . Бұл кеште Абай атамыздың өлеңдері де, қара сөздері жатқа айтылып, әндері шырқалды. Көрермен қауымы өздерін Абай өмір сүрген заманда болғандай сезінді.Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз, ұстауға міндеттіміз!