https://www.instagram.com/p/DJEioeRM1QR/?igsh=dGI4MWJpamUybW5z
БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ФЕСТИВАЛІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында «Ұлы дала әуені» мерекелік бағдарламасына сәйкес 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне ұйымдастырылған Абай ат.ЖОББМ «Бір шаңырақ астында» этно- фестивалі өтті, оның мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Іс-шараға мектебіміздің 5-сынып оқушылары қатысты. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. 5-ші сынып оқушылары қазақ, орыс, өзбек, тәжік, татар, украин, белорусь, грузин ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын, ән-билерін ортаға салды.Қазақстан деген киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп отырған еліміздегі этностардың ұлтаралық тату-тәттілігін паш етті. Бірлігіміз жарасып, бейбіт өмірде күн кешейік!