Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

Екпе деген не және ол не үшін керек?

Медициналық кеңестер

Егу, вакцинация дегенiмiз — ол адам организмiне вакцина немесе арнайы тәсiлмен дайындалған антигендiк қасиетi бар заттарды енгiзу (иммуни- зациялау) арқылы белгiлi бiр жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшiн қолданылатын әдiс. Жұқпалы ауруларға қарсы егудiң бiрнеше түрi бар: мiндеттi егу (иммунизация) ­ балаларға (туберкулезге, қызылшаға, күл (дифтерияға), сiреспеге, көкжөтелге, ге­патитке және т.б. ауруларға қарсы), нәрестелi бола ала­тын әйелдер мен қыздарда қызамыққа қарсы; жоспарлы кәсiби егу ­ мал шаруашылығымен айна­лысатын немесе олардың өнiмiн өңдейтiн адамдарда күйдiргiге қарсы; эпидемиялық көрсеткiш бойынша егу ­ нақты ай­мақтағы тұрғындар арасында iндет қауіпi төнген кезде жүргiзiледi. Егу көбiне инфекциялық тәсiлмен (терi асты­на, бұлшық етке) атқарылады. Қазiргi кезде алдын ала егу нәтижесiнде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, қара шешек) жойылды. Бiрақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәлiметiне сүйенсек, жылына 500 миллион адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 миллиондайы егiлмегендер екенi анықталып отыр. Сондықтан түрлi жұқпалы ауруларға қарсы егудiң маңызы зор екенiне ешбiр күмән келтiрiл мейдi. Екпенiң не екенiн қазiргi ата-­аналардың бәрі дерлiк бiлсе де, дегенмен екпе жасатпас бұрын олардың көбiнде күмән туғызбайтыны да жасырын емес. Өйткенi қазiргi таңда балаларымызды екпе арқылы қорғап жүрген ин­фекциялармен бетпе-­бет келген адамдар кемде­-кем. Осыдан 30­-40 жыл бұрын ата­-аналарға қызылшаның, полиомиелиттің (салдың), дифтерияның (құрөзектің) қаншалықты қауiптi екенiн түсiндiрiп жатпайтын, ол кез­ де бұл аурудан көз жұмған балалар туралы мысалдар­ды көптеп келтiруге болатын. Ал туберкулезбен және көкжөтелмен ауыратын балалардың жөтелi кез ­келген аулада естiлiп жататын. Ата­-аналар баласының таңертең қозғала алмай, аяқ астынан сал болып қалуынан қорқатын. Қазiргi уақытта мүгедектер арбасында отырған ересек адамдар арасында кезiнде полиомиелитпен ауырған адамдарды кездестiруге болады. Жыл сайын дүние жүзiнде жұқпалы аурулардан мың­даған адам көз жұмады және көбiсi өмiр бойы мүгедек болып қалады. Сондықтан халықты және балаларды вак­цинациялауды тоқтатуға болмайтынын түсiнiп, ескерген жөн. Тек қана алдын алу екпелерiн жүргiзудiң нәтижесінде балаларымызды инфекциялардың қауiп-­қатерiнен аман сақтауға қол жеткiзiп отырмыз. Вакцинациялау тегiн медициналық көмектiң кепiл­дi көлемiне (ТМККК) енгiзiлген. Қазақстанда халықты иммундауға байланысты барлық қаржы мәселесiн ше­шудi мемлекет 1995 жылдан бастап өзiне жүктеген. Жыл сайын вакциналар республикалық бюджет қар­жысына сатып алынады. Бұл ретте кепiлдi сапасы бар, зертханалық тексеруден өткiзiлген және Қазақстан Рес­публикасында тiркелген, ДДСҰ­ымен сертификатталған вакциналар сатып алынады. Қазіргі уақытта ауданымызда 2000 жылдардан бері әр түрлі жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, бұған да екпенің әсері мол, халық арасында «сары ауру» атымен танымал инфекциялық гепатитпен ауыру тоқтады. Бұл – екпенің дер кезінде балаларға салынуының пайдасы. ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ел ертеңі — ұлтжанды ұрпақ Былтырғы жылы аудан бойынша 94 баланың ата­-анасы екпеден бас тартып, оның 33-­і әр түрлі себептер­ мен болса, 61-­і діни көзқарасқа байланысты. Мұндай көп балалардың егілмеуі иммунитетін түсіріп, әртүрлі жұқпалы аурулар туындауына өте ықтимал. Сондықтан да бұл – ойланатын жағдай. Қандай дін болмасын ол ауру-­сырқауға шалдығуға, азып­-тозуға итермелемейді. Сондықтан да алдын ала егудің, яғни иммундаудың бала денсаулығын сақтауда маңызы аса зор екенін ұмытпайық.

Навигация по записям

❮ Previous Post: Дұрыс тамақтану ережелері
Next Post: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ❯

Мектеп жұмысы

  • НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР
  • АШЫҚ БЮДЖЕТ
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР
  • АШЫҚ БЮДЖЕТ
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Copyright © 2025 Абай атындағы мектеп.