9 шілде Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Ғарышкерлер” тобында патриоттық шабыт жобасы аясында «Өнерім саған, елім!» іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында оқушылар туған жерге деген ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін шығармашылық жұмыстарында әсерлі көрсете білді. Дайындалған ашық хаттар, бейнероликтер мен плакаттар арқылы балалардың елге деген мақтанышы, патриоттық рухы және шығармашылық белсенділігі айқын көрінді. «Шабыт» жобасы аясындағы бұл өнер күні оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін нығайтып, олардың бойындағы өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.Топ жетекшілері: Амантай Е.Қ.Журсинбаева М.Д.