9 шілде Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Ғарышкерлер” тобында «Күлкіге толы жарыс» барысында оқушылар белсенді қатысып, қызықты ойындар мен сайыстар арқылы көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Командалық жұмыс жасап, бір-біріне қолдау көрсетуді, ұйымшылдық пен достықтың маңызын түсінді. Іс-шара балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.Топ жетекшілері: Амантай Е.Қ.Журсинбаева М.Д.