Бүгін «Күншуақ» лагері тәрбиеленушілерімен бірге 1994 -2015 жылдары қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған тағылымды шараға қатыстық.Іс-шара барысында балалар ерлік пен елге адал қызмет етудің маңызын түсініп, Отан тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігі жолында жанын қиған азаматтардың жарқын ерлігіне тағзым етті. Батырлардың рухына құрмет көрсетіліп, олардың өнегелі өмір жолы мен ел алдындағы ерен еңбегі туралы айтылды.Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, елге деген сүйіспеншілік пен батырларға деген құрметті қалыптастырып, олардың ерлігін мәңгі есте сақтауға үндейді.