8 шілде Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Ғарышкерлер” «Тоқта, кибербуллинг!» тақырыбындағы «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясындағы пікірталас өтті. Пікірталас барысында оқушылар рөлдік ойындар ойнап, кибербуллингтің қоғамға тигізетін кері әсерін талқылап, оның алдын алу жолдары жөнінде өз ойларын ортаға салды. Олар интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет етудің, бір-біріне қолдау көрсетудің және саналы цифрлық мәдениетті ұстанудың маңызын түсінді. Іс-шара оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтып, қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген онлайн орта қалыптастыруға деген көзқарасын арттырды.Топ жетекшілері: Амантай Е.Қ.Журсинбаева М.Д.