3 шілде Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің “Ғарышкерлер” тобында«Жас сәулетші» конкурсы барысында оқушылар өз қиялдарын іске асырып, қарапайым қағаздан қала макетінің элементтерін жасады. Балалар бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеп, ұқыптылық, жауапкершілік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде олар сәулет өнерінің маңызын түсініп, өз қолдарымен жасаған жұмыстары арқылы ерекше әсер алды.