01.07.2026 күні «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің «Жас қыран» тобында балалар арасында мейірімділік пен достықты дәріптеуге бағытталған «Smile Day» акциясы ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қатысушылар бір-біріне шынайы комплимент айтып, жылы лебіздерін білдіріп, игі істер жасауға белсенді атсалысты. Балалар достарына қолдау көрсетіп, көмек ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын түрлі ойындар мен қызықты тапсырмаларға қатысты. Акция барысында әрбір жылы сөз бен ізгі әрекеттің адамға қуаныш сыйлап, ұжымдағы достық қарым-қатынасты нығайтатыны ерекше аталып өтті.Тәрбиешілер: Байменова Г.Е., Хайса Б