29 маусым күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Жас star” тобында «Екінші өмір» жобасы аясындағы «Шығармашылық цех» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатында оқушылар пластик бөтелке, картон, қағаз, мата қиындылары, қақпақтар сияқты пайдаланылған материалдардан түрлі сәндік бұйымдар мен пайдалы заттар жасады. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелері сақталып, әр оқушы өз туындысын таныстырды.Мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру, қолданылған заттарға «екінші өмір» сыйлау арқылы экологиялық мәдениетін арттыру.Топ жетекшілері:Жандарбек А.Болатова З.Б.