26 маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің ІІ маусыныда «Арманға самғаған батпырауықтар» 🎈 фестивалі өтті.Балалар шығармашылықтарын шыңдап, өз қолдарымен түрлі-түсті батпырауықтар жасап, оларды ерекше безендірді. Әр батпырауыққа өз армандары мен тілектерін бейнелеп, кейін ашық аспанға бірге ұшырды. Батпырауықтарының көкке қалықтағанын көріп, балалар ерекше қуанышқа бөленіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шара олардың қиялын дамытып, командалық бірлікті нығайтып, таза ауада көңілді әрі есте қаларлық демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік берді.