25 маусым күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Happy Balakai», «JasQyran» және «Ғарышкерлер» топтарының тәрбиеленушілері English Star үйірмесіне қатысты. Сабақтың тақырыбы — «Clothes».Оқушылар киім атауларын ағылшын тілінде үйреніп, олардың дұрыс айтылуы мен жазылуын меңгерді. Сонымен қатар киім түрлерін ажыратып, күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым сөйлемдер құрастыруды үйренді.Сабақ барысында балалар тақырыпқа байланысты суреттермен жұмыс жасап, қызықты ойындар мен тапсырмалар орындады. Киімдерді сәйкестендіру, атауларын айту және сипаттау бойынша жаттығулар жүргізілді.Сабақ өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенділік танытып, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырды және көтеріңкі көңіл күйде болды.Үйірме жетекшісі: Сайдиганиева Д.З