Құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып тапсыруға болады. Биыл техникалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылды.
Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер конкурс арқылы аттестаттың орташа балы негізінде қабылданады. Жұмысшы біліктілігі бойынша оқуға түсушілер әңгімелесу нәтижесімен қабылданады. Педагогикалық мамандықтарға эссе немесе диктант, ал медициналық және шығармашылық бағыттарға арнайы емтихандар өткізіледі.
Құжат қабылдау мерзімдері:
* жұмысшы біліктілігі бойынша – 25 маусымнан 27 тамызға дейін;
* орта буын мамандықтары бойынша – 25 маусымнан 22 тамызға дейін;
* шығармашылық мамандықтарға – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
* педагогикалық мамандықтарға – 25 маусымнан 10 тамызға дейін;
* медициналық мамандықтарға – 25 маусымнан 10 немесе 15 тамызға дейін;
* сырттай оқу нысаны бойынша – 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
Қабылдау кезінде заңнамаға сәйкес квота қарастырылған.
Қажетті құжаттар:
өтініш, білім туралы құжаттың түпнұсқасы, 3×4 фото, медициналық анықтама және жеке басын растайтын электрондық құжат. Жекелеген санаттағы талапкерлер мәртебесін растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

https://www.instagram.com/p/DZ91vQ6iO_N/?igsh=MTcycjhrdGd1eXl5cg==
