2026 жылдың 22 мамыр күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Жазғы уақыттағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпке ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және бала тәрбиесіндегі бірлескен жұмысты нығайту.
Жиналыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:
1. «Заманауи мектеп — табысты бала: Мектебіміздің жаңа мүмкіндіктері»
/Мектеп басшысы Кариева Ш.Д/
1. «Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру: заңдылық пен жауапкершілік»
/Ақсу қалалық прокуратурасының прокуроры Ахмет Динара Әміржанқызы/
1. Құқықбұзушылықтың алдын алу
/Әлеуметтік педагог Амерханова Д.Ж/
1. «Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ іс»
/Ақсу қаласы учаскелік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция майоры Құрманғалиева Лаура Жанібекқызы / Ақсу қаласы учаскелік полиция капитаны Қуан Рауангүл/
1. «Астана ішек инфекцияларын алдын алу»
/Ақсу қаласының жалпы тәжірибелік дәрігері Мулдаева Мөлдір Тлеутемгенқызы/
«Күнсіз жаз: Балаларды жарақаттан қалай қорғаймыз?»
/Травматолог-дәрігері Мейірбек Дәулет Қалдыбайұлы/
1. «Терезе бойын ашық болса да қауіпті»
/Ақсу ст. КПБ бастығы майор полиция Ахметов Әлібек Есентайұлы/
1. «Балаларға эмоционалды көмек»
/Мектеп психологі Искакова Д.Г/
Жиналыс барысында мамандар ата-аналарға балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі, денсаулығын сақтау, эмоционалдық қолдау көрсету және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша маңызды ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жазғы демалыс кезінде балаларға ерекше бақылау қажет екендігі айтылды.

https://www.instagram.com/reel/DYr0yeLMmD7/?igsh=MTk0dWpvam9naHB5dg==
