23 маусым күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Ғарышкерлер» және «ЖасStar» топтарының тәрбиеленушілері English Star үйірмесіне қатысты. Сабақтың тақырыбы — «Жыл мезгілдері». Оқушылар жыл мезгілдерін сипаттап, олардың ерекшеліктерін талқылады, тақырыпқа байланысты сурет салып, шығармашылық жұмыстар орындады. Сонымен қатар, балалар жыл мезгілдеріне қатысты ойындар ойнап, ағылшын тілінде жаңа сөздер мен қарапайым сөйлемдерді қолдануға жаттықты. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырды және көтеріңкі көңіл күйде болды.Үйірме жетекшісі: Сайдиганиева Д.З