17.06.2026 күні Мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінде “Дамытушы ойындар” үйірмесінде “Қиялдай білейік” тақырыбында дамытушы сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – балалардың қиялын, шығармашылық ойлауын, зейінін және танымдық белсенділігін дамыту. Сабақ барысында тәрбиеленушілер қызығушылықпен «Кімнің көзі?» ойынына қатысып, суретті толықтырды. Сондай-ақ «Суретті жалғастыр» ойынында берілген сурет бөліктерін өз қиялдарымен толықтырып, ерекше және қызықты жұмыстар ұсынды. Балалар тапсырмаларды белсенді орындап, өз ойларын еркін жеткізе білді Жетекшісі: А.Ж.Дандыбаева