15.06.2026 күні ағылшын тілі үйірмесінде «River Bank» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өзен жағасына қатысты жаңа ағылшын сөздерімен танысып, түрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар орындады. Балалар белсенді қатысып, сөздік қорларын толықтырып, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамытты. Сабақ қызықты әрі танымдық деңгейде өтті.