Бүгін 16.06.2026 күні «Болашақ» тобының бүлдіршіндері түрлі-түсті түтікшелерді пайдаланып, жеміс бейнелерін безендірді. 🍎🍐🍓
Бұл шығармашылық жұмыс балалардың ұсақ моторикасын, түстерді ажырату қабілетін, ұқыптылығын және қиялын дамытуға ықпал етті. Әр бала өз жұмысына ерекше сән беріп, қызығушылықпен орындады.
✨ Шығармашылық арқылы бала қиялы қанаттанып, әр күн жаңа әсерге толы болады!
Топ жетекшілері: Жакенова С.М.
Қабылқайыр Д.Б.

https://www.instagram.com/reel/DZpI6njsPBJ/?igsh=MWo4N2h6cWR0bWk4Mg==
