16 маусым «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің жоспары бойынша «Жұлдыз» тобында «Қауіпті ұсыныстар» мобильді челленджі өткізілді. Іс-шара барысында балалар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, алаяқтардың түрлі айла-тәсілдерін ажыратып үйренді. Оқушылар «Қауіпті ұсыныстар» жинағын құрастырып, олардың неліктен қауіпті әрі алаяқтық әрекет екенін талдап, өз ойларын ортаға салды.Челлендж барысында балалар күмәнді хабарламаларды анықтап, бейтаныс сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтерді ешкімге бермеу, қауіп төнген жағдайда ата-аналар мен ересектерден көмек сұрау керектігін білді.Танымдық ойындар мен топтық жұмыстар арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығы артып, қауіпсіз интернетті пайдалану дағдылары қалыптасты. Біздің ұранымыз: «Ойлан! Тексер! Сақтан!» Топ жетекшілері :Ахметова М. А, Марат Алтын