Бүгін 15.06.2026 күні «Болашақ» тобының балалары қызықты шығармашылық жұмыс орындады. Түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланып, сүйкімді қарбыз ұстап тұрған кейіпкердің суретін бояп, өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді.
Осындай жұмыстар балалардың ұсақ моторикасын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырып, ұқыптылық пен әсемдікке баулиды.
🌞 Әр баланың жұмысы – ерекше, ал әрбір күлкісі – біздің ең үлкен жетістігіміз!
«Болашақ» тобында әр күн – жаңа идеялар мен жарқын әсерлерге толы! 💚🍉
Топ жетекшілері: Жакенова С.М.
Қабылқайыр Д.Б.

https://www.instagram.com/reel/DZmSliSsu-o/?igsh=MXBwYjFhNDQ4bnIzOQ==
