Мақсаты: балалардың зейінін, байқампаздығын, логикалық ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту, тапсырмаларды мұқият орындауға үйрету, танымдық белсенділігін арттыру.
Іс-шара барысында балаларға түрлі суреттер ұсынылып, сурет ішінде жасырылған заттар мен адамдардың бейнелерін табу тапсырылды. Қатысушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өздерінің байқампаздықтары мен ойлау қабілеттерін көрсетті. Ойын балалардың зейінін шоғырландыруға, ұсақ бөлшектерді ажырата білуге және бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Балалар көтеріңкі көңіл күйде болып, ойынға белсене қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DZmUEzOMUp_/?igsh=MWdqd3hkMHNieHl5NA==
