15.06.26 күні «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы лагерінің «Самғау» тобында «Қараңғыдағы шығармашылық» атты танымдық арт-сессия өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар көздерін жұмып, мұғалім ұсынған заттарды сипап-сезу арқылы анықтау тапсырмасын орындады. Балалар заттардың пішініне, көлеміне және құрылымына назар аударып, өз болжамдарын ұсынды. Бұл тапсырма олардың зейінін, есте сақтау қабілетін, сезім мүшелері арқылы қабылдау дағдыларын және ойлау қабілетін дамытуға бағытталды. Оқушылар белсенді қатысып, тапсырманы қызығушылықпен орындады.