15-маусым күні «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің «Жазғы Life» тобының демалушылары «Шығармашылық жұмыс – арт-сессия» іс-шарасына қатысты. Арт-сессия барысында балалар таза ауаға шығып, табиғат аясында сурет салды. Олар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін қағаз бетіне түсіріп, түрлі-түсті бояулар арқылы әсем көріністер бейнеледі. Табиғаттың сұлулығынан шабыт алған балалар қызықты суреттер салып, өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Іс-шара балалардың шығармашылық ойлауын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.Топ жетекшілері:Гульжан ЕркинжасовнаДинара Сериковна