15.06.2026 күні Мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагеріндегі “Дамытушы ойындар” үйірмесінде «Түстер әлемі» тақырыбында дамытушы сабақөткізілді. Сабақ барысында балалар түстерді ажыратуға арналған қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындады. «Түсті тап», «Кемпірқосақ құрастыр», «Артығын тап» ойындары арқылы оқушылардың зейіні, есте сақтау қабілеті, ойлауы және танымдық белсенділігі дамытылды. Сонымен қатар, балалар түрлі түстерді пайдаланып шығармашылық жұмыстар орындап, өз қиялдарын көрсетті. Жетекшісі: А.Ж.Дандыбаева