Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде облыстық «Шаттық алаңы» жобасы аясында жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп психологі Хавылмұратқызы Салтанат балалармен «Мен кіммін, немін?» атты психологиялық ойын-жаттығу өткізді.Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, қарым-қатынас жасау дағдыларын, сұрақ қою және ақпаратты талдау қабілеттерін дамыту, топтық ынтымақтастықты қалыптастыру және танымдық белсенділігін арттыру.