«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің жоспары бойынша «Жұлдыз» тобында «Шабыт» жобасы аясында «Халықтар достығы» атты Dance Battle конкурс-жарысы өткізілді.Іс-шараның басты мақсаты – балаларды әртүрлі халықтардың мәдениетімен таныстыру, достық пен татулықты насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Байқау барысында тәрбиеленушілер қазақ, өзбек, орыс, қырғыз және басқа да халықтардың би элементтерін орындап, өз өнерлерін ортаға салды.Dance Battle кезеңінде қатысушылар белсенділік танытып, әсем қимылдары мен ерекше билері арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Балалар бір-бірін қолдап, ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті.Шара соңында барлық қатысушылар марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. «Халықтар достығы» би сайысы балаларға ұмытылмас әсер сыйлап, достықтың, бірліктің және шығармашылықтың мерекесіне айналды. Топ жетекшілері : Ахметова М. А. Маратқызы А.